23 ақпан 2021 13:20

Хакерлер Clubhouse әлеуметтік желісіне шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Clubhouse әлеуметтік желісіне белгісіз хакерлер шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Crunch сайтына сілтеме жасап.


Clubhouse әлеуметтік желісіне белгісіз хакерлер шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Crunch сайтына сілтеме жасап.

Clubhouse баспасөз хатшысы Рима Банасидің мәлімдемесіне қарағана, осы демалыс күндері шабуылдаушылардың бірі пайдаланушылардың әңгімесін жасырын тыңдай алған. Сондай-ақ, хакер бұл чаттарды үшінші тарапқа, өзінің веб-сайтына жүктеген. 

"Бұл адамның есептік жазбасы біржола бұғатталды және біз мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қостық", - деді компания өкілі.

SIO директоры және Facebook қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Алекс Стамостың айтуынша, әлеуметтік желі әңгіменің құпиялығына жауап бере алмайды.

"Хакерлер Clubhouse қосымшасын жасау үшін пайдаланылған JavaScript алгоритмі негізінде желіні бұзу системасын құрған. Қолданушы әлеуметтік желідегі логинін бүкіл әлеммен қашықтан бөлісудің әдісін ойлап тапты", - деді Алекс Стамос.

Әлеуметтік желі өкілдері мұндай жағдайдың алдын алу үшін қандай қадамдар жасалғанын түсіндіруден бас тартты.

Платформа тек iPhone иелері үшін қол жетімді болғандықтан және оған басқа қолданушының шақыруымен ғана тіркелетіндіктен, адамдар Clubhouse-қа кірудің әртүрлі тәсілін ойлап тауып жатыр. Мысалы, сөйлесетін бөлмелерді жасырын жазып алатын Telegram-бот жасаған белгісіз хакерлер бар.

Айта кетейік, Google-дың бұрынғы қызметкерлері жасаған жаңа Clubhouse әлеуметтік желісі жылдам танымалдыққа ие болып келеді. Әлеуметтік желі App Store-дан жүктелген қосымшалар арасында бірінші орынға ие болды. Clubhouse - тек аудио хабарламаларға арналған әлеуметтік қосымша. Бағдарламада танымал спикерлерге тікелей сұрақ қою мүмкіндігі бар. Сонысымен ол тыңдаушылар қызығушылығын тударады. Әзірге бағдарлама тек iPhone пайдаланушыларына қол жетімді.

Қазақстандықтар Clubhouse әлеуметтік желісіне "шақырту" сата бастады

АҚШ-та да әлеуметтік желіге шақыртулар сатылып жатыр. Бағасы 20 доллардан 800 долларға дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети