10 наурыз 2015 14:52

"Ислам мемлекеті" Facebook сияқты әлеуметтік желі жасап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Apfellike.com ©Apfellike.com

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы Facebook әлеуметтік желісінің баламасын жасады, - деп хабарлайды The Independent. Сайттың атауы - Khelafabook. Айта кетейік, Khilafah сөзі "халифат" деген сөзді білдіреді.


"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы Facebook әлеуметтік желісінің баламасын жасады, - деп хабарлайды The Independent. Сайттың атауы - Khelafabook. Айта кетейік, Khilafah сөзі "халифат" деген сөзді білдіреді.

"Ислам мемлекеті" жасаған сайт ашылды, бірақ техникалық ақауларға байланысты бірден жабылып қалды. Құрастырушылардың айтуынша, әлеуметтік желі Twitter және Facebook желілерінде алмасуға болмайтын ақпараттарды қабылдап, жіберу үшін ашылған. Сайт лаңкестік идеяларды насихаттайтын жаңа қару болуы мүмкін. 

Портал әдеттегі әлеуметтік желі сияқты, бірақ онда "Ислам мемлекетінің" логотипі бар. Ол танымал SocialKit платформасында жасалған. Мамандар Khelafabook желісінің Ирактың Мосул қаласында тіркелгенін, бірақ мысыр серверлерін қолданатынын анықтады.

Бұған дейін мамандар "Ислам мемлекеті" және "Әл-Каида" топтары содырларының өз сыбайластарымен хабар алысқанда құпия мәліметтерді жасыру үшін порнографиялық суреттерді пайдаланатынын анықтады. Бұл жөнінде терроризм туралы кітап жазған Гордон Томас мәлім етті. Кітапта лаңкестердің порносуреттерде кезекті бір нысанды таңдауға арналған құжаттар мен бұйрықтар жасырылғаны жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети