03 желтоқсан 2020 12:50

Kaspi.kz суперқосымшасы енді Huawei AppGallery-де бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық Банкінің дерегі бойынша, 2020 жылы тоғыз айда электрон транзакция саны былтырға қарағанда 3 есе өскен. Қолма-қол ақшасыз операцияның негізгі бөлігін интернет және мобайл банкинг құрап отыр: 81% немесе 18,1 трлн теңге. Осындай өсімге байланысты дүниежүзіндегі үшінші ірі қосымша маркетплейсі AppGallery қауіпсіз онлайн-сервистер экожүйесін жасап келеді. Қарашада AppGallery-ге төлем, электрон коммерция және қаржы қызметі бар елдегі ең танымал суперқосымша Kaspi.kz қосылды.

AppGallery қосымша маркетплейсі 170 ел мен аймақтағы 600 миллионнан аса HUAWEI қолданушысына қызмет етеді. 2018 жылы сәуірде ресми іске қосылғалы бері AppGallery-ді ай сайын белсенді қолданатындардың саны 400 миллионнан асып кетті.

Huawei Device-тың Қазақстандағы және Орталық Азиядағы директоры Фан Джинйонг:

"Әр аймақтың ерекшелігін ескеріп, қолданушыларды қауіпсіз экожүйемен қамтамасыз ету үшін Huawei жергілікті қосымша жасаушылармен жұмыс істеп келеді. Біз Kaspi.kz-ті өз маркетплейсімізде көргенімізге және компанияның қауіпсіз интернет-банкинг пен онлайн-сауда жасау идеясына ортақтасқанына қуаныштымыз. Енді Huawei қолданушылары Kaspi.kz-ті бөгде ресурстардан іздемей, Huawei AppGallery-ден қауіпсіз әрі жылдам жүктей алады. Біздің тұтынушылар енді науқандар туралы бірінші біліп, тиімді сауда жасап, бір сөзбен айтқанда Kaspi.kz қосымшасын толыққанды қолдана алады".

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

"Kaspi.kz – Қазақстандағы ең танымал суперқосымша, оның көмегімен 8,5 миллионнан аса клиентіміз тиімді сауда, төлем жасап, қаржысын смартфонмен-ақ басқарып жүр. Қолданушылар Huawei смартфонында біздің қосымшаның функционалын толығымен пайдалануы үшін біздің команда Huawei-мен бірігіп ортақ іс жасады". 

Клиенттер Kaspi.kz супеқосымшасының ақша жіберу, халықаралық ақша жіберу, интернет-дүкен, төлем және сол сияқты барлық функциясын қолдана алады. Қосымшаның өзіндегі қауіпсіздік шарасынан бөлек, Huawei мамандары жасанды интеллект жүйесін қолданып смартфондағы қауіпсіздік жүйесін дамытып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети