06 ақпан 2015 14:42

Қазақстан коммунистері ресейлік әлеуметтік желіні жабуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nowday.ru ©nowday.ru

Қазақстан коммунистері (ҚКХП) қалалық прокуратураға ресейлік "ДругВокруг.ру" әлеуметтік желісін Қазақстан аумағында қолдануға тыйым салу туралы ресми хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан коммунистері (ҚКХП) қалалық прокуратураға ресейлік "ДругВокруг.ру" әлеуметтік желісін Қазақстан аумағында қолдануға тыйым салу туралы ресми хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Партия мүшелерінің көпшілігі "Окно эфира" айдарына наразылық білдірді, себебі бұл айдарда кәмелет жасқа толмағандар жыныстық қызмет ұсынады, сонымен қатар, есірткі заттары сатылады және тағы да басқа, Қазақстан заңнамаларына қарсы келетін әрекеттер жасалады. Олардың айтуынша, қолданушылар жалған атпен тіркеліп, түрлі хабарландырулар жариялайды. Сонымен қатар, Қазақстан коммунистері ерсі ақпарат жариялаған қолданушыларды да жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

"Бұл сайт реттелмейді. Сайтта оның қадағаланбайтыны нақты көрсетілген, әкімшілер жарияланған материалдар үшін жауап бермейді және ол материалды жасаушылар тексерілмейді. Біз сайтты зерттеп көрдік, бізде скриншоттар бар. Олар әдептің шеңберінен шыққан, сондай-ақ ол ақпараттар ҚР заңнамасына қарсы келеді", - деді Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы филиалының хатшысы Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, Қазақстан комунистері заңсыз ақпарат тарататын өзге әлеуметтік желілерге де бақылау жүргізіп жатыр. Партия мүшелерінің айтуынша, енді прокуратура тиісті тергеу шараларын жүргізуі тиіс. Қорытындыға сәйкес, әлеуметтік желіні Қазақстан аумағында қолдануға шектеу қойылады. Еске сала кетейік, 2014 жылы күзде республика бойынша жүргізілген тексерістен кейін ҚР заңнамасына қарсы келетін 100 мың интернет-ресурс пен 700 порталды қолдануға тыйым салынған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети