08 ақпан 2016 15:30

Қазақстанда халықтың 20 пайызы ғана әлеуметтік желілерді белсенді қолданады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда 3,3 миллион адам, яғни халықтың жиырма пайызы ғана әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті Media System компаниясы Brand Analytics сервисі арқылы анықтады. Айта кетейік, зерттеу жұмыстары 2015-2016 жылдың қыс мезгілінде жүргізілді. Белсенді қолданушы ретінде айына кем дегенде бір рет хабарлама жариялаған адамдар алынды.


Қазақстанда 3,3 миллион адам, яғни халықтың жиырма пайызы ғана әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті Media System компаниясы Brand Analytics сервисі арқылы анықтады. Айта кетейік, зерттеу жұмыстары 2015-2016 жылдың қыс мезгілінде жүргізілді. Белсенді қолданушы ретінде айына кем дегенде бір рет хабарлама жариялаған адамдар алынды.

Компанияның мәліметінше, қазақстандықтар ең көп кіретін әлеуметтік желі - "ВКонтакте", мұнда 1,945 миллион қолданушы "отырады". Олар бір айда шамамен 45 миллион хабарлама жариялайды. "ВКонтакте" әлеуметтік желісін пайдаланатындардың 53,8 пайызы ер адамдар болса, 46,2 пайызы - әйелдер. Бұл әлеуметтік желіде көбіне 18 жасқа дейінгі жастар отырады екен. 

Елімізде Instagram әлеуметтік желісі де кеңінен танымал болып келеді. Бұл сервисті Қазақстанда 1,336 миллион адам қолданады. Олардың көбі, яғни 71,9 пайызы - әйелдер, қалған 28,1 пайызы - ер адамдар. Олардың жас шамалары туралы мәлімет жоқ.

"Мой мир" желісінде 155,3 мың қазақстандық отырса, олардың 59,5 пайызы - әйел адамдар, қалған 40,5 пайызы - ерлер. Мұнда отыратындардың негізгі жас шамасы - 25-34. Сонымен қатар, 35-44 жас аралығындағылар да бұл желіні жиі пайдаланады. Айта кетейік, "Мой мир" әлеуметтік желісі жастар арасында аса танымал емес.

Танымалдығы жөнінен бұдан кейін Facebook тұр. Бұл әлеуметтік желіні Қазақстанда 125,8 мың адам қолданса, олардың көбі, яғни 60,3 пайызы - әйелдер. Мұнда 18-ге толмағандар мүлде "отырмайды" десе де болады. Негізгі аудитория, яғни Facebook желісін қолданатындардың 45,4 пайызы - 25-34 жас аралығындағылар. Бұл желіде 55 жастан асқан адамдар да отырады екен.

"Одноклассники" әлеуметтік желісінің де танымалдығы артып келе жатыр. Мұнда әлеуметтік желі қолданушыларынан 69,3 мың адам отырады, олардың негізгі бөлігі 25 жастан асқандар. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік желіде отыратындардың әрбір бесіншісі 55 жастан асқан үлкендер екен. "Одноклассники" қолданушыларының 74 пайызы әйелдер болса, 26 пайызы - ер адамдар.

Танымалдығы жөнінен соңғы орында Twitter тұр. Бұл әлеуметтік желіні 16,6 мың адам белсенді түрде қолданады. Олардың көп бөлігі, яғни 52 пайызы - ер адамдар.

 

Айта кетейік, зерттеу жұмыстары кезінде әлеуметтік желілерде орыс, қазақ және басқа да тілдерде жарияланған хабарламалар, сонымен қатар, олардың авторлары жөнінде мәліметтер алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети