20 наурыз 2015 11:07

Қазақстандағы саяси партиялар әлеуметтік желілерді қолдануда белсенді емес - cарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©espanarusa.com ©espanarusa.com

Қазақстандағы саяси партиялар әлеуметтік желілерді қолдануда белсенді емес. Саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы Fаcebook-тегі парақшасында еліміздегі және Ресейдегі саяси партиялардың әлеуметтік желілерді өз үгіт-насихаттары үшін қалай пайдаланып отырғанын салыстырып көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандағы саяси партиялар әлеуметтік желілерді қолдануда белсенді емес. Саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы Fаcebook-тегі парақшасында еліміздегі және Ресейдегі саяси партиялардың әлеуметтік желілерді өз үгіт-насихаттары үшін қалай пайдаланып отырғанын салыстырып көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Ақпаратты таратуда әлеуметтік желілер де күш алды ғой. Бір ғана мысал, қазір әлемде дәстүрлі БАҚ тілшілері мен редакторларының 65 пайызы жаңалық сюжеттерін Fаcebook пен LinkedIn-нен, 52 пайызы Twitter-ден іздейді екен. Сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары кезінде әлеуметтік желілердің жұмысы туралы пікірталас болған еді. Саябырсып қалыпты. Жалпы, біздің саяси партиялар әлеуметтік желілерді ресурс ретінде пайдалана алып отыр ма? Парламенттік партиялардың өзі күнделікті жұмысын қаншалықты насихаттай алып жатыр? Салыстырып көріңіздер", - дейді саясаттанушы. 

Қазақстандағы саяси партиялардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі

Ресей Федерациясындағы саяси партиялар мен партия жетекшілерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігі

Сарапшы бұл деректерді партиялардың ресми сайттарынан алған. Ол кейбір аккаунттардың көзге ілінбей қалуы мүмкін екенін ескертті.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттарды тіркеуді бастады. 26 наурызда кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады, ол 25 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы сайлауалды үгіт-насихат жүргізу тәртібі бұзылған кезде әлеуметтік желілердің жабылуы мүмкін екенін хабарлады. Егер Facebook, Twitter, Instagram, "ВКонтакте" және басқа да әлеуметтік желілердің қолданушысы үгіт-насихат тоқтатылған күні өз парақшасында қандай да бір үгіт материалын жариялайтын болса, веб-сайтқа Қазақстан аумағында тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос хабарлады. Еске салайық, республикада интернет-ресурстар, оның ішінде, әлеуметтік желілер де бұқаралық ақпарат құралына теңестірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети