19 мамыр 2014 14:52

Қазақстандықтардың 70 пайызының интернетке кіруге мүмкіндігі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мірболат Аюпов. Фото ©Тұрар Қазанғапов Мірболат Аюпов. Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың 70 пайызының интернетке кіруге мүмкіндігі бар. Бұл туралы ASTEX-2014 халықаралық көрмесінде "Зерде" Ұлттық ақпараттық-коммуникациялар холдингі" АҚ-тың басқарма төрағасы Мірболат Аюпов мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда мобильді төлемді, осы қызмет түрін шамамен 900 мың адам пайдаланады. "Интернет-дүкендерден курьерлер арқылы тауар сатып алу әлі күнге дейін төлемнің негізгі әдісі болып табылады, сондай-ақ терминалдар арқылы - 14 пайыз, банк жүйесі арқылы - 12 пайыз және 4 пайыз - электронды ақша", - деді М.Аюпов.

Оның айтуынша, Интернетке кіруге мүмкіндік алу - ең басты жетістік. "2013 жылы халқымыздың 71,1 пайызы Интернетке кіруге мүмкіндік алды", - деді М.Аюпов. Негізі 2020 жылы қазақстандықтардың 75 пайызы Интернетке кіруге мүмкіндік алуы керек екен, алайда сарапшылар бұл жоспар ерте орындалатынына сенімді. Бұдан бөлек, ол G4 жүйесі Қазақстанның ірі қалаларында қолжетімді екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстанда электронды коммерцияның сандық айналымы жария етілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети