05 қаңтар 2015 11:09

Марк Цукерберг 2015 жылды кітап оқуға арнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марк Цукерберг. ©АР Марк Цукерберг. ©АР

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 2015 жылы "кітап жегіш құрт" болуға және өзінің жеке кітап клубын ашуға уәде берді, - деп хабарлайды Business Insider. Ол аптасына кем дегенде бір кітап оқуға бел буған. 

Цукербергтің бұл жылы қолға алған бірінші кітабы - Мойзес Наймның "Биліктің ақыры" туындысы. "Менің мақсатым - аптасына кем дегенде бір кітап оқып шығу. Көбіне түрлі мәдениетті, нанымдарды, тарих пен технологияны тануға көңіл бөлемін", - деді Цукерберг өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Цукербергтің кітап клубы A Year of Books (кітап жылы) деген атпен құрылып қойды. Жаңа жыл қарсаңында ол әлемдегі ең танымал әлеуметтік желінің негізін қалаушы қандай жеке және кісіби тапсырмалар қоюы керектігін сұрап, ұсыныс жинады. Ол өзіне түрлі ұсыныстарын айтқан барлық қолданушыға алғыс білдірді.  

"Мен өз таңдауыма ризамын. Кітап оқу зияткерлік ләззат сыйлайды", - деп мәлімдеді Цукерберг.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети