19 ақпан 2014 14:30

Прокуратура Интернет қауымдастықпен ынтымақтасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен Қазақстан Интернет Ассоциациясының Президенті Шавкат Сабиров өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Андрей Кравченко Бас прокуратура мен Қазақстан Интернет Ассоциациясының өзара белсенді әрекеттесуі прокуратура органдарының үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттесуді жолға қоюдың жалғасы болып табылатынын атап өтті. Тараптар Интернет желісінің қазақстандық сегментінде құқыққа қайшы контенттің таралуына қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған күшті жұмылдыруға ниетті. Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары болып балаларды нәпсіқұмарлыққа пайдаланумен, жасы кәмелетке толмағандар порнографиясымен, терроризм мен экстремизмді насихаттау және оны жариялы түрде ақтаумен байланысты заңсыз ақпараттардың таралуымен және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын барлық құқықбұзушылықтармен күрес боп табылады. Соңғы жылдары прокуратура органдары құқыққа қайшы контенттің таралуына қарсы күрес бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін атап өту қажет. Интернет-кеңістікте заңсыз материалдардың таралуының жолын кесу мақсатында 2011 жылдан бастап прокуратура басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 90 000-нан астам интернет-ресурстардың мониторингін жүзеге асырып, экстремизм және терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ жарылғыш құрылғыларды қолдан жасау әдістері туралы ақпараттарды таратудың анықталған фактілері бойынша түскен шағымдармен жұмыс жүргізілді, сондай-ақ сотқа дейінгі реттеу шаралары қабылданды. Астана және Алматы қалаларының соттарымен жоғарыда аталған мерзім ішінде 596 интернет-ресурстың өнімін Қазақстан аумағында таратылуын тоқтату және оларды заңсыз деп тану жөніндегі прокурорлардың және уәкілетті органның арыздары қанағаттандырылды. Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін өзара іс-қимылдың түрлі нысандарын пайдалану, ақпаратпен тұрақты алмасу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені пайдалану жөнінде келісті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети