25 маусым 2014 20:07

"ВКонтакте" желісіне ақылы музыка енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lenta.ru ©Lenta.ru

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі ақылы музыкалық сервистер енгізуді қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Lenta.ru компанияға жақын ақпарат көзіне сілтеме жасап.


"ВКонтакте" әлеуметтік желісі ақылы музыкалық сервистер енгізуді қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Lenta.ru компанияға жақын ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратқа қарағанда, желі Ресейдің ірі құқық иелерінің бірі - Ұлттық музыкалық баспамен (НМИ) бірге аудиожазбаларды ақылы етпек. Әлеуметтік желі ұйыммен тиісті келісім жасаған.

Ұлттық музыкалық баспаның каталогына 50 мыңнан астам ресейлік және 400 мың шетелдік композиция енеді. Жазбалардың бәрі "ВКонтакте" желісінде заңдастырылады. Сонымен бірге, бұл тізімге кірмейтін контентті заңдастыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Желі өкілдері аталған ұйыммен келісімге отырғанын ресми түрде растады. "Ұлттық музыкалық баспамен жасалған келісімнің мәні - баспаға қарасты авторлық және аралас құқықтарды беру. Сонымен қатар, құқықты ақылы ету үшін басқа да жаңа сервистер жасалатын болады. Желінің қазіргі сервистеріндегі музыка қолданушылар үшін тегін күйінде қала береді", - деп хабарлады "ВКонтакте" желісінің атқарушы директоры Дмитрий Сергеев.

Айта кетейік, әлеуметтік желідегі заңсыз музыка құқық иелері тарапынан дауласуға себеп болып жатады. Мысалы, 2014 жылдың сәуір айында Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысының төрелік соттарына "ВКонтактенің" үстінен Sony Music Russia, Universal Music Russia және Warner Music UK компаниялары шағым түсірген болатын. Компаниялар келтірілген шығынды 50 млн рубль деп бағалады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети