26 ақпан 2015 11:25

11 наурыз күні "Нұр Отан" партиясының 16-съезі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ortcom.kz ©ortcom.kz

2015 жылдың 11 наурызы күні Астанада "Нұр Отан" партиясының 16-съезі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты. 


2015 жылдың 11 наурызы күні Астанада "Нұр Отан" партиясының 16-съезі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты. 

"Бүгін таңертең "Нұр Отан" партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылдың 11 наурызы күні партияның кезекті 16-съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бізде азғана уақыт қалды, бірақ біз мұндай шараларға бұрын да дайындалғанбыз, дайындалып жүрміз. Партияның міндеті - сайлау науқанына қатысу. Бізге бір апта ішінде тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қажет", - деді Бауыржан Байбек Астанада партияның отырысында. Оның айтуынша, съезге еліміздің әр аймағынан 1200 делегат келеді.

Айта кету керек, 25 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің сайлауы өтетін күнді жария еткен болатын. Кезектен тыс сайлау екі айдан соң - 26 сәуірде өтеді. Мемлекет басшысы бұл сайлауға өзінің қатысуы туралы шешімді сәл кейінірек қабылдайтынын мәлімдеді. "Сайлау – аса маңызды конституциялық және патриоттық акт. Оны заңнамаға қатаң сәйкес, ашық және адал, отандық және халықаралық байқаушыларды кеңінен қатыстыра отырып өткізу қажет. Алдағы сайлауға өзімнің қатысатыныма орай шешімді мен кейінірек, еліміздің Конституциясы мен заңдарына толық сәйкес қабылдайтын боламын", - деді Елбасы. 

Еске сала кетейік, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі өз отырысында Қазақстан Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы азаматтардан келіп түскен көптеген өтініштерді бірауыздан қолдап, бұл туралы бастама көтерген еді. Ассамблея Кеңесі мүшелерінің пікірінше, әлем экономикасындағы дағдарыстың өршіп тұрған жағдайында кезектен тыс президент сайлауын өткізу республикаға "Нұрлы жол" бағдарламасы мен ел дамуының ұзақмерзімді даму басымдықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Кейінірек бұл бастамаға ел Парламенті мен Үкіметі қолдау білдірді. ҚР Конституциялық кеңесі Президенттің кезектен тыс сайлауды тағайындауына еш кедергі жоқ екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети