12 қыркүйек 2014 15:49

13-15 қыркүйек күндері елімізде жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 13-15 күндері жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.


Қазақстанда 13-15 күндері жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы қалыптасады, күн күркіреп, жаңбыр жауып, секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Бұл осы күндері белсенді болатын солтүстік циклондармен байланысты", - дейді синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы туралы.

Метеорологтердің болжамына қарағанда, батыста ауа температурасы түнде - 7-15 градус жылы, күндіз 17-25 градус жылы аралығында болады. Елдің солтүстік аймақтарында және республиканың орталығында түнде температура 0-5 градус жылыға дейін, кей жерлерде 3 градус аязға дейін төмендейді. Күндіз бұл аймақтарда термометр 13-18 градус жылыны көрсетеді. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 22-23 градус жылы болады. 

13-14 қыркүйек күндері Астанада жауын-шашын болмайды, 15 қыркүйек күні арагідік жаңбыр жауады. Ауа температурасы 14-22 градус нөлден жоғары болады. Алматыда 15 қыркүйек күні өткінші жаңбыр жауады. Сынап бағанасы 20-25 градус жылыны көрсетеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 9-11 қыркүйек күндері елімізде суық болатыны хабарланды. Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда түнде температура нөлден 5 градусқа дейін төмендеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети