29 қараша 2014 14:57

14 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Германияда жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизавета Тұрсынбаева. Фото турнир сайтынан алынды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизавета Тұрсынбаева. Фото турнир сайтынан алынды.

14 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Германияның Дортмунд қаласында өтіп жатқан халықаралық NRW Trophy 2014 турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол қысқа бағдарламада 58,72 ұпай жинап көшбасшылар қатарынан көрінді.  Ал жүлделі орынға бақ сынау бағдарламасында ол 117,4 ұпай жинады. Нәтижесінде Элизабет Тұрсынбаева жалпы саны 176,12 ұпай жинап жеңімпаз болды. Турнирдің қорытындысы жайында толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Тұрсынбаева Италияда өткен Merano Cup халыаралық турнирінде жастар арасында сайысқа қатысып алтын медаль иегері атанған болатын. Ол Италияда қысқа бағдарламада 158,59 ұпай жинаса, екінші орын алған француздық Леа Серна 119,96 ұпай жинады. Ал Германияның мәнерлеп сырғанаушысы Кристина Исаев үшінші орынға табан тіреді.

Айта кету керек, өткен жылы қазақстандық Денис Тен аталмыш турнирге қатысып жеңімпаз атанған болатын.

Жалпы, Тұрсынбаева биылғы маусымда екі мәрте гран-при иегері болды. Жапонияда Айчиде өткен турнирде ол үшінші орынды иеленді. Ал Германияның Дрезден қаласында екінші орын иегері болды. Тұрсынбаева атақты канадалық тренер Барайан Орсердің қол асында жаттығып жүр. Бұған дейін ол Мәскеуде жаттықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети