30 қыркүйек 2015 12:00

17 жастағы қостанайлық қыз туған анасын телебағдарлама арқылы тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қостанайлық 17 жастағы Ксения Ликина өз анасын НТВ арнасындағы "Говорим и показываем" бағдарламасы арқылы тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бір жасар қызды анасы туған күнінде тастап кеткен екен.


Қостанайлық 17 жастағы Ксения Ликина өз анасын НТВ арнасындағы "Говорим и показываем" бағдарламасы арқылы тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бір жасар қызды анасы туған күнінде тастап кеткен екен.

Қостанайдағы колледждердің бірінің студенті, 16 жыл бойы өзінің туған анасын көрмеген қыздың оқиғасы ресейлік телеарнадағы бағдарлама авторларының назарын еріксіз аударды. Ксения редакцияға өтініш жазғаннан кейін оны студияға бірден шақырған. Қыздың өзі "Говорим и показываем" бағдарламасының анасын аз уақытта тауып бергеніне қайран қалды.

Ксенияға бір жыл толғанда әжесі қызды тастап кетуін өтінгені белгілі болды. Екатерина Найманова ұлы Янмен бірге қарсылық білдіре алмай, үйден кетіп қалған. Үш жыл өткен соң Ксенияның әжесі қайтыс болады. Ал қыздың әкесі біраз уақыт бойы түрмеде отырған. Сегіз жасында қыз балалар үйіне жіберіледі, ол осы жерде 16 жасына дейін өмір сүрген.

2014 жылдың жазында Ксенияның туыс атасы оны қамқорлыққа алуға өтініш білдіреді. Ол осылайша колледжде аспаз мамандығы бойынша білім ала бастайды. Қыздың айтуынша, ол анасын үнемі іздеген. Осы жолы телеарнаның көмегіне жүгінуді ұйғарыпты.

Айта кетейік, жүргізушілер Екатерина Найманованы бағдарламаға туыстары іздеп жатыр деген ұсыныспен шақырған. Ток-шоуға қатысушыларға қарап шыққан Екатерина өзінің қызын бірден тани қоймады. Ол қазір автобекеттердің бірінде кассир болып қызмет етеді екен, оның екі ұлы бар. Өзінің қарындасын көрген 21 жастағы Ян Найманов енді оған үнемі көмектесіп тұратынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети