01 қазан 2014 21:12

2-4 қазан күндері Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото korrespondent.net сайтынан алынды Фото korrespondent.net сайтынан алынды

Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып.


Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып.

2-4 қазан күндері республиканың барлық аймағында қар аралас жаңбыр жауады. "Баренцев теңізінде белсенді жүретін циклон салдарынан Батыс Сібір аумақтарында үш тәулік бойы ауа райы күрт суытады. Осы циклонмен бірге солтүстік-батыс аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, жел тұрады. Соған байланысты Қазақстанның барлық аймағында түнгі температура 0-5 градусқа дейін суытады" - дейді синоптиктер.

Бұған дейін синоптиктер  елімізде қазан айының басында күн жылы болады деп хабарлаған. "Айдың бірінші жартысында республиканың басым бөлігінде күн жылы болады. Солтүстік аймақтарда түнде 5-10, күндіз 13-18 градус жылылықты, ал оңтүстікте түнде 10-15, күндіз 20-25 градус нөлден жоғары температураны көрсетеді" - деген еді Қазгидромет.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети