16 тамыз 2014 16:50

20 қазақстандық кәсіпорын Ресейге азық-түлік тасымалдауға дайын – Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото produkt.by cайтынан алынды Фото produkt.by cайтынан алынды

Қазақстанның 20 кәсіпорыны Ресейге азық-түлік тасымалдауға дайын отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Қазақстан Үкіметінің сайтына сілтеме жасай отырып. 


Қазақстанның 20 кәсіпорыны Ресейге азық-түлік тасымалдауға дайын отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Қазақстан Үкіметінің сайтына сілтеме жасай отырып. 

Мәлім болғандай, Мәскеуде Қазақстан Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ресей үкімет басшысының бірінші орынбасары Игор Шуваловпен кездесу барысында осылай, - деді.

Аталмыш кездесуде қазақстандық кәсіпорындардың Ресейдің импорталмастыру бағдарламасына қалай қатысатындығы,  сөз болды. Өз кезегінде Сағынтаев қазіргі уақытта Қазақстанның 20 кәсіпорыны Ресейге ұн, күріш, қарақұмық, пияз, консерві өнімдерін, бал және кондитерлік өнімдерді тасымалдауға даяр екенін айтты.

Сондай-ақ көрші елдің импорталмастыру бағдарламасына қатысу үшін тау-кен, машина жасау, фармацевтика, құрылыс саласында отандық өнім өндіріп жүрген 60-қа жуық қазақстандық кәсіпорындарға ұсыныс түсіп отыр.

Бұған қоса Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан ары дамытудың өзекті мәселелері де талқыланды.

Кеңесте 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасына тасымалданатын ұшақтарға (LOPA сертификаты бойынша сыйымдылығы 90 орындық) кедендік салықтарды төлеуден босату туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіптің жекелеген өнім түрлерінің таңбалану жүйесінің ұлттық компоненттерін әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Отырысқа қатысушылар Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер мен Мысыр елі  арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді жасаудың пайдалы тұстарын талқылады.  

Отырыстың қорытындысында маторлы көлік құралдарын шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар тізімін қалыптастыру және енгізу тәртібі бекітілді. 

Сондай-ақ отырыста Қырғызстанның КО мен БЭК-ке қосылу мәселесі қарастырылып, ЕАЭО сотын құру туралы баяндама тыңдалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети