18 желтоқсан 2014 14:14

20 миллионыншы жолаушы метромен бір жыл тегін жүретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 миллионыншы жолаушы. ©Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі 20 миллионыншы жолаушы. ©Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі

Алматы метросы 20 миллионыншы жолаушыны марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы метросы 20 миллионыншы жолаушыны марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын Анна Чебакова метроның 20 миллионыншы жолаушысы атанды. Қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин қызды құттықтап, оған метрополитенде бір жыл тегін жүруге абонемент пен плазмалы теледидар сыйлады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, метро іске қосылғалы бері мұнда жолаушылар саны тұрақты түрде өсіп келеді. Егер 2012 жылы бір тәулікте 15-16 мың жолаушы болса, биыл бұл көрсеткіш 24-25 мың адамға дейін көбейді. "Сайран" және "Мәскеу" аталатын жаңа станциялар іске қосылғаннан кейін жолаушылар ағыны екі есеге ұлғаймақ. 

 

Бұған дейін бұл екі станцияның іске қосылуы 2015 жылға шегерілетіні хабарланған еді. Кейін әкімдік бұл ақпаратты теріске шығарды. 1 желтоқсан күні метрода салтанатты шара өтті. Айта кетейік, "Сайран" станциясы Абай даңғылының Брусиловский және Тілендиев көшелерінің аралығында, ал "Мәскеу" Абай даңғылының Тілендиев және Алтынсарин көшелерінің аралығында орналасады. Әзірше метрополитенде жеті станция жұмыс істеп тұр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети