26 желтоқсан 2014 14:31

2014 жылдың басты оқиғалары

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Жаңа 2015 жыл жақындап келеді. Көшелерге әшекей ілініп, Президент жаңажылдық басты шыршаның шамын жақты. Таяуда қазақстандықтар Мемлекет басшысының құттықтауын есту үшін теледидар алдына жиналады. Дәстүр бойынша өтіп бара жатқан жылы Қазақстанда болған басты оқиғалар жайлы қорытынды жасау әдетке айналды. 


Жаңа 2015 жыл жақындап келеді. Көшелерге әшекей ілініп, Президент жаңажылдық басты шыршаның шамын жақты. Таяуда қазақстандықтар Мемлекет басшысының құттықтауын есту үшін теледидар алдына жиналады. Дәстүр бойынша өтіп бара жатқан жылы Қазақстанда болған басты оқиғалар жайлы қорытынды жасау әдетке айналды. 

2014 жыл

Жыл басында қазақстандықтар мен әлем халықтары Украинадағы оқиғаға көз тікті. Бірақ 11 ақпанда азаматтардың назарына еліміздегі оқиға ілікті. Ұлттық банк теңге бағамын алдыңғы деңгейде ұстап тұрмауды шешті де, доллар 185 теңгеге қымбаттады. Бұл нағыз ажиотаж туғызды. Қазақстандықтар жаппай валюта сатып ала бастады, көптеген айырбас пункттері жабылып қалды. Осыдан кейін "девальвация тағы болады және кейбір банктер банкротқа ұшырайды" деген қауіпті қауесеттер тарай бастады. Қиын жағдай туды, халық қауесет таратушылар мен "елде бәрі жақсы және тұрақты болады, қорқатын ештеңе жоқ" деп үгіттеген биліктің қайсысына сенерін білмеді. Қазіргі уақытта соңғыларының дұрыс айтқаны анық болды. Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченко кейін, өз пікірінше, қауесетті айырбас пункттерінің иелері өз пайдасы үшін таратқанын мәлімдеді. Қазақстандықтар әлі күнге курс бағамын еске алады, бірақ бағам Ұлттық банктің айтқан деңгейінде тұр.

Девальвация қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Сочиден тараған ақпараттардың көлеңкесінде қалды. Жағымды жаңалық бірнеше күннен кейін келді. Қазақстандық Денис Тен ұлттық құрамаға бірінші медальді алып берді. Мәнерлеп сырғанаушы жапон Юдзура Ханю мен канадалық Патрик Чанға жол беріп, қола медальді еншіледі. Бұл жетістік Тенді "халық қаһарманы" етті, себебі оның медалі құрамада жалғыз болды. Өкінішке қарай, өзге спортшылар, атап айтсақ, шаңғышы Алексей Полторанин мен конькиші Денис Кузин сәтсіз өнер көрсетті. Алматыға оралғанда Денис Тенді екі бірдей сыйлық күтіп тұрды - "Құрмет" ордені мен автомобиль. Қазақстандық мамыр айында Алматыға мәнерлеп сырғанаудың әлемге әйгілі жұлдыздарын алып келіп, "Денис Тен және оның достары. Олимпиада қуаты" атты мұзды шоуын ұсынды.

Наурыз айында 45 тәулікке қамалған алматылық Мақсат Үсенов кейін бостандыққа шықты. Ол 2013 жылы BMW X6 автокөкөлігімен алты адамды қағып кеткен болатын. Жапа шеккендердің бірі қайтыс болды. Жол апатын жасаған Үсенов қайтыс болған адамның отбасымен ымыраға келді, бірақ үш жылға көлік жүргізу құқынан айырылды. Сонымен қатар ол айыппұл төледі. Айта кетейік, Үсенов 15 қарашада тағы бір жол апатына себепкер болды. Ол Mercedes көлігімен жолдың қарсы бағытта жүретін жолағына шығып кетіп, Toyota RAV4 көлігімен соғысты. Toyota көлігінде 38 жастағы әйел болған. Бұл жолы айыпты 20 тәулікке қамалып, көлік жүргізу құқығынан тағы да 9 айға айырылды. Айтпақшы, ол осы күнге дейін айыппұлдарды төлемей келеді.

Сәуірдің басты жаңалығы Үкіметтегі кадрлық өзгерістер болды. Бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов Қорғаныс министрі болып, ал Әділбек Жақсыбеков Мемлекеттік хатшы қызметіне келген еді. Қазақстан Президенті Премьер-министр етіп Кәрім Мәсімовті тағайындауды ұсынып, мәжілісмендер бұл ұсынысты қолдады. Президент әкімшілігінің жетекшісі болып Парламент Мәжілісінің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин тағайындалды. Айта кетейік, кейін Үкіметте тағы да ауыс-түйіс болды, саяси қайраткерлер жұмыссыз қалса, ал кейбірі тіпті үй қамауына алынды. Бірақ бұл туралы кейінірек.

Сонымен қатар, сәуір айында атышулы қылмыстық іс аяқталды. Бұл іске ҰҚК мен кеден өкілдерінің қатысы бар болып шықты. Қытай шекарасындағы дау 2011 жылы басталған еді. Кейін 45 айыпталушы сот алдына жөнелтілді. "Қорғас ісі" қазақстандық сот төрелігіндегі ең ірі оқиға болды. Алдын ала тергеу кезінде 500-ден астам сараптама жасалып, іс материалына аудио және видео жазбасы бар 400-ге жуық компакт-диск тіркелді. Оның іс тыңдауы бір жылға созылды. Нәтижесінде басты айыпкерлер, нақтылап айтсақ ҰҚК өкілі Талғат Жақаев пен Ерлан Әбдрахманов 17 жылға түрмеге қамалды. Олардың әріптесі Бақытбек Құрманалиев 16 жылға, Алматы облысы кеденінің бұрынғы басшысы Құрманбек Артықбаев 14 жылға сотталды. Қатал жазаны қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, кәсіпкер Талғар Қайырбаев алды - 16 жыл. Жазда апелляциялық алқа істі тағы да қарады. Істің басты фигуранттарының жазасы өзгеріссіз қалды.

Жазда Қазақстанда банкротқа ұшыраған "Гүлнәр тур" компаниясы айналасында дау шықты. Туроператордың жүздеген клиенті Түркиядан Қазақстанға және кері ұшып кете алмады. Турфирманың саяхатшылар мен серіктеріне келтірген шығыны 30 миллион теңгеге бағаланды. Компания басшылығына қатысты "Аса ірі көлемде қаржы жымқыру, алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Гүлнәр тур" басшылығы жасырынып, іздеу жарияланды. Туристерді тасымалдаумен туризм комитеті айналысты.

 

6 маусымда Вена қаласында Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев қамалды. Ол кісі өлтірді және адам ұрлады деп айыпталды. Әлиевтің қорғаушысының айтуынша, қорғауындағы азамат билік өкілдеріне берілді және Австрияның құқық қорғау органдарымен қызметтес болуға ниетті. Мұның алдында сот Рахат Әлиевті екі банкирді өлтіргеніне айыпты деп танып, 40 жылға сырттай бас бостандығынан айырды. 24 қазанда Франция соты Мәскеудің 2013 жылы Ниццада ұсталған Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды. Мұхтар Әблязов Қазақстанда БТА банкінен алты миллиард доллардан астам қаржыны жымқырды және өзге де ірі қаржы махинацияларына қатысы бар деп айыпталды.

Тамыз айында Үкіметте қайта құрылымдау болды. 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Нақтылап айтсақ, қаржы полициясы жабылды, оның қызметін мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік алды. ТЖМ қызметі Ішкі істер министрлігіне берілді. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі құрылды. Премьер-министрдің екі орынбасары қалды - Бақытжан Сағынтаев және Гүлшара Әбдіқалықова.

Қазанда корейдің Инчхон қаласында Азиада өтті. Қазақстан бұл Ойындарда тарихта болмаған жетістікке қол жеткізді. Азиада Қазақстан құрамасына 84 медаль әкелді, оның 28-і алтын, 23-і күміс және 33-і қола медальдар. Жүзуші Дмитрий Баландин өзіндік хет-трик жасады, ол 50, 10 және 200 метр қашықтықта жеңіске жетті. Құрлықтың ең мықты спортшысы Ольга Рыпакова өз титулын қорғап қала алды, ол үштік секіруден чемпион болды.

Айта кетейік, қараша айында кезекті кадрлық ауыс-түйіс болды. Серік Ахметов Қорғаныс министрі қызметінен кетіп, оның орнына Астананың бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағамбетов келді. Астананы Әділбек Жақсыбеков басқаратын болды, ал Нұрлан Нығматулин Мемлекеттік хатшы болды. Көпшілік Серік Ахметовтің қандай қызметке келетінін болжай бастады, себебі ол туралы бірнеше күн бойы еш ақапарат тарамады. Содан кейін оның үй қамауына алынғаны белгілі болды. Серік Ахметов бюджеттен аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталды. Жүргізіліп жатқан тергеуге сәйкес, оған тағылып жатқан қылмысты ол Қарағанды облысы әкімі болған кезде жасаған. Ахметов болса өз кінәсін мойындамайды. ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттіктің тергеу департаментінде Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке, Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловқа қатысты қылмыстық бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Қарашада қуанышты оқиға болды. Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан жалпы командалық медальдар есебінде үшінші орын алды. Қазақстандық ауыратлеттердің қоржынына үш алтын және екі күміс медаль түсті. Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Илья Ильин әлем чемпионатында өзі үшін жаңа салмақта (105 келіге дейінгі категорияда) алтын медаль алды. 26 жастағы қазақстандық жұлқа көтеруде 190 келі, ал серпе көтеруде 242 келіні еңсерді, бұл әлем рекорды болып тіркелді. Айта кетейік, Eurosport.ru басылымы Илья Ильинді халықаралық аренада қарсылас шақ келтірмейтін сегіз спортшының қатарына кіргізді. Ауыр атлетикадан төрт мәрте чемпион атанған оны туған жері Қызылорда қаласында қаһарман ретінде қарсы алды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев оған жол талғамайтын көліктің кілтін табыстады.

21 қарашада қазақстандық әнші Жанар Доғалова бұл жолы Қазан қаласында өткен Turkvizyon-2014 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды. Ол "Ізін көрем" әнін орындап, 225 балл жинады. Екінші орынды Татарстан әншісі Айдар Сүлейман алды (201 балл), үшінші орынға Zaman тобы лайық болды (199 балл). Әншілердің өнерін әр елден келген халықаралық қазылар бағалады. Финалға жалпы Қазақстан, Татарстан, Түркия, Башқұртстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Македония, Иран, Қырым, Босния, Болгария, Якутия, Әзірбайжан және Түрікменстаннан 15 адам қатысты. Жанар Доғалова өнер көрсеткеннен кейін қазылар алқасының бірі Арман Дәулетияров әншіге орнынан тұрып қошемет көрсетті. Жанар қорытынды жарияланған кезде толқып, қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети