06 қаңтар 2015 14:15

2014 жылы Қазақстанға 7 мыңға жуық оралман көшіп келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©fergananews.com ©fergananews.com

2014 жылы тоғыз айдың ішінде Қазақстанға 3347 оралман отбасы келді, бұл отбасылардың құрамында барлығы 6761 адам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гендерлік құрам бойынша, тарихи отанына оралған азаматтардың 3438-і ер адам ал әйелдердің саны - 3323. Олардың 1598-і балалар. 

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 6761 оралманның 4768-і еңбекке жарамды жастағылар болса, 395-і зейнеткер.

Айта кетейік, оралмандар арасында жоғары білімді 368, орта арнаулы білімі бар 869, жалпы орта білімді 2592 және білім алмаған 938 адам бар.

Еске сала кетейік, 2014 жылы сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова енді еліміздің кез келген аймағына көшіп келген оралмандарға тең жағдай жасалады деп мәлімдеген болатын. Ресми ақпаратқа сәйкес, 1991 жылдан бері Қазақстанға 944 мыңнан астам оралман көшіп келді. Қазіргі кезде олардың саны Қазақстан халқының 5,5 пайызына тең.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети