25 желтоқсан 2015 14:34

2015 жылы Қазақстанда ең көп қойылған есімдер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Catcollege.by © Catcollege.by

Қазақстанда екінші жыл қатарынан жаңа туылған ұлдарға Әлихан есімі көп қойылған, ал қыз балалардың көбі Айзере есімін иемденген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, 10 айдың ішінде Әлихан есімі 2977 ұлға, ал Айзере есімі 5762 қыз балаға қойылған.

Ер балаларға қойылатын есімдердің ішінде Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам, Ерасыл, Санжар, Әмір, Нұрасыл, Әрсен, Әлинұр, Әли, Мирас, Артем, Алдияр, Максим және Айдын есімдері өте танымал. Қыз балаларға Айару, Раяна, Кәусар, Айша, Інжу, Әмина, Айлин, Аружан, София, Аяна, Медина, Аяулым, Алина және Сезім есімдері көп қойылыпты.

Айта кетейік, өткен жылы 2798 Әлихан мен 6276 Айзере дүниеге келген болатын. Бұл есімдер былтыр да көш бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети