08 қараша 2016 12:43

2017 жылдан бастап 56 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

2017 жылдан бастап 56 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония өкілдермен өткен кездесу барысында айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның инвесторларға қолайлы ел екенін айтып өтті. "Бізде либералды салық тәртібі мен салықтық әкімшілік ету деген режим бар. Салықтың жалпы 13 түрі бар. 2015 жылы біз 35 елдің азаматтарына визасыз тәртіп орнатқан болатынбыз. Келесі жылы 56 елдің азаматтары елімізге визасыз кіре алатын болады", - деді Назарбаев.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың маусымында өткен Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші отырысында Мемлекет басшысы АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Малайзия, БАӘ, Корея мен Жапония елдерінің азаматтары үшін біржақты визасыз режим орнатылатынын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети