15 шілде 2014 13:48

2017 жылдың 1 шілдесінен соң зейнетақы жаңаша есептелетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстанда базалық зейнетақы жаңаша есептелетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.


2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстанда базалық зейнетақы жаңаша есептелетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.

"2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2 млн-нан астам зейнеткер үшін базалық зейнетақы төлемдеріне біржолғы қайта есептеу жүргізуді ойластырып отырмыз, бұл мақсатқа жарты жылға 137 млрд теңге, ал бір жылға - 275 млрд теңге қарастырамыз", - деді Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, төменгі күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесі өзгереді. "Біз қағидатты өзгертеміз, базалық зейнетақы еңбек өтіліне немесе зейнетақы жүйесіне қатысу тәжірибесіне қарай төленетін болады. Еңбек өтілі бар немесе зейнетақы жүйесіне 10 жылға дейін қатысқан адамдар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ы көлемінде алады, ал еңбек өтілі 20 жылдан жоғары адамдар төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы көлемінде зейнетақы алады. 35 жыл және одан жоғары еңбек өтілі барларға күнкөріс деңгейінің 100%-ы шамасында зейнетақы тағайындалады", - деді Дүйсенова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети