23 қаңтар 2015 17:02

24-26 қаңтар күндері солтүстік өңірлерде 43 градусқа дейін аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

24-26 қаңтар күндері солтүстік өңірлерде 43 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


24-26 қаңтар күндері солтүстік өңірлерде 43 градусқа дейін аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Арктикалық ауада қалыптасқан күшті антициклон Қазақстанның солтүстік аудандарына көшті. Оның әсерінен қардың жаууы мен боран әлсірейді, ал аяз күшейе түседі", - деп хабарлайды метеорологтер. Сонымен қатар, "Қазгидромет" РМК өкілдері температураның анағұрлым төмендеуі республиканың солтүстік бөлігінде күтіледі, онда ашық кезде түнгі температура кей жерлерде 40-43 градус аязға дейін төмендейтінін айтады.

Оңтүстік облыстарда да суық болады, түнде кей жерлерде 25-30 градус, шеткері оңтүстікте сынап бағанасы 13-20 градус аязды көрсетеді, бұл климаттық нормадан анағұрлым төмен.

Еске сала кетейік, синоптиктер 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда осы қыстың салыстырмалы түрде суық болатынын айтқан еді. Мамандар биылғы қыстың құбылмалы болатынын және суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отыратынын болжады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети