25 желтоқсан 2014 15:47

25-27 желтоқсан аралығында елімізде күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©on-line.lq.ua ©on-line.lq.ua

Қазақстанда 25 мен 27 желтоқсан аралығында күн суытып, қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанда 25 мен 27 желтоқсан аралығында күн суытып, қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Қазақстанға Солтүстік Атлантикада қалыптасқан циклон келе жатыр. Ылғалы мен жылу мөлшері көп циклонмен бірге республиканың көпшілік облыстарында жауын-шашын болады, көктайғақ болып, жел тұрады, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 18-25 метр болады", - деді синоптиктер. Сонымен қатар, шығысқа қарай суық ауа жылжып, қар көшкіні болады, желдің күші бәсеңдеп, ауа температурасы көпжылдық орташа нормаға дейін жақындап, төмендейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы қыста Қазақстанда ауа райы өткен жылмен салыстырғанда аязды болатыны хабарланған еді. Алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады. Алдын ала болжам бойынша, 2015 жылдың қаңтарында елдің көп бөлігінде моңғол антициклонының үстемдігімен ызғарлы болып, қар аз түседі. Ал республиканың оңтүстік батысында ауа температурасы қалыптыға жақын, ал Маңғыстау облысында салыстырмалы түрде қарлы болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети