30 қазан 2014 11:49

280 жетім баланың өзге отбасыларға берілуіне туыстары қарсы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда балалар үйінің 280 тәрбиеленушісінің туыстары оларды отбасылардың асырап алуына тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өзінің ресми блогындағы сауалдарға жауап берген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты. 


Қазақстанда балалар үйінің 280 тәрбиеленушісінің туыстары оларды отбасылардың асырап алуына тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өзінің ресми блогындағы сауалдарға жауап берген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты. 

Оған Қазақстандағы жетімдер үйінен отбасыларға берілмейтін балаларды қалай асырап алуға болатыны туралы сұрақ қойылған. Министр жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 188 ұйымда 9879 адам тәрбиеленіп жатқанын айтты. Оның мәліметінше, 3305 бала отбасылардың асырап алынуына берілмейді.

Мысалы, балалар үйінің 280 тәрбиеленушісінің туыстары оларды қазақстандық отбасылардың асырап алуына қарсы болды. Сонымен бірге, ата-аналық құқығынан айырылған адамдардың 304 баласы өзге отбасылардың қамқорлығына берілмейді. 127 тәрбиеленушінің ата-анасы құқықтарын қалпына келтіруге құжат жинап жатыр. 854 баланың ата-анасы олардан уақытша бас тартқан. 272 бала әлеуметтік қорғау жүйесінде тіркеуде тұр. 14-18 жас аралығындағы 1468 тәрбиеленуші жаңа отбасыларға барудан өздері бас тартты. Министр аймақтардағы бала асырап алу туралы ақпаратты облыстық білім басқармаларынан алуға кеңес берді.

Бұған дейін 2013 жылдан бері 66 баланың шетелге асырап алуға берілгені хабарланған болатын. Оларды Испания, Италия, Бельгия, Германия, Канада мен Швеция азаматтары алған. 2014 жылдың алғашқы жартысында қазақстандық отбасыларға 1151 бала берілген, бала асырап алу кезегінде әлі 2,5 мың ата-ана тұр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети