350 жүкті жасөспірім қыз Оңтүстік Қазақстанда есепте тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

350 жүкті жасөспірім қыз Оңтүстік Қазақстанда есепте тұр © REUTERS

Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыз есепте тұр. Мұндай санды ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, оның соңы жағымсыз әрекеттерге әкеп соғады және ол қыздар мен жаңа туылған сәбилердің денсаулығына әсер етеді", - деп келтірді әкімдіктің ведомствоаралық комиссиясы ұсынған мәліметті Тұтқышев. Ол бұл жағдайдың Оңтүстік Қазақстанға байланысты екенін айта кетті.

"Олардың ата-анасы, бауырлары бар, мұндай жағдай қайдан туындайды? Бұл жұмыс мемлекеттікі емес, ата-ананыкі. Мемлекет баланы өмірге келген күннен бастап тәрбиелей алмайды. Тәрбие мәселесіне көңіл бөлу аса маңызды", - деді Тұтқышев.

Айта кетейік, бұған дейін Жыныстық және репродуктивтік саулық жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың басшысы Галина Гребенникова жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейінің жоғары қалыпта сақталып отырғанын айтқан болатын - Қазақстандағы жүктіліктің жалпы санының 3 пайызына тең.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети