03 сәуір 2020 13:48

42 500 теңге алатындарға арналған сайт жүктеме шамадан тыс болғандықтан істен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Төтенше жағдай режиміне байланысты 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатындарға арнайы сайтта жүктеме шамадан тыс болып, істен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Төтенше жағдай режиміне байланысты 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатындарға арнайы сайтта жүктеме шамадан тыс болып, істен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

42500.enbek.kz сайты бүгін, 3 сәуірде іске қосылған болатын. Портал біраз уақыт жұмыс істемей тұр. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясына түрлі шағымдар түскен. Барлығы сайттың жұмыс істемей тұрғанын айтып жатыр.

EgovKzBot.2.0. Telegram-ботында да ақаулар болып жатыр. "Техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сайт жұмысы қалпына келеді", - делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз хатшысы Александр Кононец сайттың іске қосылғанын айтады.

"Таңертеңнен бастап өтініштен келіп жатыр. Өтініштердің көп болуына байланысты серверде жүктеме шамадан тыс болып, сайт істен шықты. Қазір техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Таяуда сайт жұмыс істейді. Әлі өтініш бермеген қазақстандықтар өтінішті Egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы бере алады", - деді Кононец.

Сондай-ақ, ол 42 500 теңге төлемнің автомат аударылатынын айтып өтті.

42 500 теңгені электрон қолтаңбасыз қалай алуға болады? Көрсетеміз

Еске салайық, мұның алдында 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатындарға арнайы сайт іске қосылатыны хабарланған болатын.

Кейінірек 42 500 теңгені электрон қолтаңбасыз қалай алуға болатыны айтылған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети