06 ақпан 2023 11:14

"48 секундта үлгермеді". Жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру қалай өтті?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Tengrinews.kz тілшілері autonesie.kz пилоттық платформасында жеңілдетілген автонесие алуға өтініш берді. Алайда ешқайсы бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 761 үміткер қатарына іліге алмады.


Tengrinews.kz тілшілері autonesie.kz пилоттық платформасында жеңілдетілген автонесие алуға өтініш берді. Алайда ешқайсы бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 761 үміткер қатарына іліге алмады.

Уәде етілгендей, 6 ақпанда Астана уақыты бойынша тура сағат 10:00-де өтініштерді қабылдау басталды. Біздің қызметкер Шоқан Алхабаев autonesie.kz сайтында авторизацияны 3-5 секундтан кейін бастады. Өтініштің барлық тармақтарын толтырып, өтінішке қол қоюға тура 48 секунд қажет болды. Бірнеше секундтан кейін сайт 1060 нөмірлі купон шығарды. Tengrinews.kz сайтының тағы бір тілшісі де дәл осындай кезекке тұрды.

Алайда жеке кабинетке кіріп, деректерді тексерер кезде, сайтта қате туралы ақпарат шыққан. Біраз уақыттан кейін мынадай хабарлама пайда болды:

"Өтінім қабылданбады. Автоөндіруші үшін тегін қаржыландыру лимиті болмауына байланысты өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Жаңа өтінім қабылдау кезеңін күтіңіз".

Tengrinews.kz оқырмандары да өтініш бере алмағандарын айтады. Олар редакциямыздың WhatsApp нөміріне +7 777 001 44 99 жазып жатыр:

Оқырман өтінішті 30 секундта тапсырғанымен, үміткерлер қатарына ілікпегенін айтты.

"Автонесие - кезекті алаяқтық. Сайт өтінішке қол қоюға мүмкіндік бермеді. Мен бәрін 30 секундта жасадым, қол қою кезінде қате шығарды. Осыдан кейін сайт бос орындар таусылды деп жазды. Мен мәселені көрсетуді және ӨДҚ-ны түсініктеме беруге шақыруды сұраймын", - деп жазды ол.

Тағы бір оқырман өзі де, таныстары да өтінім бере алмағанын, "мұның бәрі алдау" екенін айтты.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы түсініктеме алу үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасының операторы саналатын Қазақстан даму банкінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Айта кететін жайт, eGov порталының жұмысында да ақаулар байқалған. Бұл көп адамның ЭСҚ-ның өзектілігін тексеруге тырысқанымен байланысты болуы мүмкін. eGov әзірлеушілері сайтты қалпына келтіруге уәде береді.

"Портал қазір қолжетімсіз, оны қалпына келтіріп жатырмыз. Кешірім сұраймыз!" – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети