18 қаңтар 2018 16:29

52 адам мерт болған автобустағы өрттің алдын ала себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері автобустың өртенуінің алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбе облысының ТЖД өкілдері автобустың өртенуінің алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бастапқы алдын ала нұсқа - қысқа тұйықталу. Қазір бұл нұсқа да өзгелермен қатар тексеріліп жатыр", - дейді Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуретер жарияланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети