06 мамыр 2014 13:35

7 мамыр мерекесінде күн ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Obozrevatel.com ©Obozrevatel.com

Қазақстанда 7 мамыр күні күн жауын-шашынсыз әрі ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанда 7 мамыр күні күн жауын-шашынсыз әрі ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Алдағы үш тәулікте, әрине, 7 мамыр мерекесі күні Қазақстанның көп облысында ауа райы атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты қалыптасады, соның салдарынан ауа райы жауын-шашынсыз болады", - дейді синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, бұл күні күндіз 20-30 градусқа дейін жылы болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-30 градус жылы, кей жерлерде 36 градус ыстық болады. Бұл - көпжылдық орташа нормадан 5-10 градусқа жоғары. Астанада сынап бағанасы нөлден 28-30 градусқа, Алматыда 27-29 градусқа жоғарылайды.

Дегенмен 6 мамыр күні республиканың батысында және 8 мамыр күні солтүстігінде өткінші жаңбыр жауап, күн күркірейді. Жел секундына 13-18 метрге дейін күшеюі мүмкін.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети