09 сәуір 2014 | 12:05

7 мамырда Астанада әскери шеру өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 19 наурыздағы Отан қорғаушылар күнін мерекелеу жөніндегі № 1362 нұсқауы бойынша Астана қаласында әскери шеру өткізіледі", - делінген хабарламада.

Әскери шеру 2014 жылғы 7 мамырда Астана қаласындағы "Қазақ елі" алаңында өтеді. Оған Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Республикалық ұланның парадтық есептоптары, сондай-ақ Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери техникалары мен авиациясы тартылады.

Әскери шерудің салтанатты маршының жаяу легіне екі мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамынан 1500 адам қатысады. Механикаландырылған колоннадағы әскери техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды. Сондай-ақ парадқа 56-ға жуық ұшу аппараты қатыстырылады. 2014 жылғы 14 сәуірден бастап, парад есептоптары мен механикаландырылған колонналардың жаттығулары күн сайын өткізілетін болады. Іс-шара Қорғаныс министрлігіне қарастырылған 2014 жылғы бюджеттік бағдарламаның ақшалай қаражаты көлемінде қамтамасыз етіледі.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети