09 сәуір 2022 | 16:56

72 жастағы ақсақал бүкіл Қазақстанды жаяу араламақ

Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев Отанын әлемге таныту үшін бүкіл Қазақстанды жаяу айналауға бел буды. Сол үшін тіпті әлеуметтік желілерде парақша ашқан. Tengrinews.kz тілшісі атамен Қызылордаға барар жолда кездесті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев Отанын әлемге таныту үшін бүкіл Қазақстанды жаяу айналауға бел буды. Сол үшін тіпті әлеуметтік желілерде парақша ашқан. Tengrinews.kz тілшісі атамен Қызылордаға барар жолда кездесті.

Сәрсенбай Қотырашов саяхатын 31 наурызда бастаған. Ақсақал күніне 40 шақырым жүріп өтеді. Қазір марафоншы Қызылордаға бет алды. Ол бүкіл Қазақстанды жаяу айналып өтуді бұрыннан армандайды. Марафонға 7 жыл дайындалған, жолға шықпас бұрын алдында толық медициналық тексеруден де өткен.

"Мен елдің тарихи және географиялық орталығы туралы мүмкіндігінше көп адам білуі үшін марафонымды "Ұлытауда болдың ба?" деп атадым. Бізде Ұлытауда жыл сайын "Көкмайса" фестивалі өтеді, онда адамдар бір-біріне қымыз береді. Мен оның ұлттық мереке болғанын қалаймын. Сондай-ақ, барлық қолөнершілердің мәліметтер базасын жинағым келеді", - деді саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов.

Реклама
Реклама

Ақсақал өзімен бірге шағын арбасын сүйреп жүреді. Онда ауыстыратын киім мен бірінші қажет заттар бар. Сонымен қатар, қолына қысым өлшейтін білезік тағып алған. Ол қолдау тобына қарттың орналасқан жері мен тамыр ырғағы туралы деректерді беріп отырады. Ақсақал бүкіл жүріп өткен жерін Instagram-парақшасында жариялап отыр. 

Марафоншы Қызылордадан Түркістанға, содан кейін Шымкентке баруға ниетті. Одан әрі Тараз, Алматы, Талдықорған, Аягөз, Семей, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Орал арқылы өтіп, Атырау, Бейнеу және Ақтауға жетуді қалайды. Сәрсенбай Қотырашов қарашаға дейін Қазақстанның барлық өңірін аралауды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram