09 наурыз 2023 08:58

8 наурызда Талдықорғанда тыр жалаңаш жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 наурызда Талдықорғанда ер адам базардың маңында тыр жалаңаш жүрген. Куәгерлер оны видеоға түсіріп, krisp.tdk Instagram-парақшасына салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


8 наурызда Талдықорғанда ер адам базардың маңында тыр жалаңаш жүрген. Куәгерлер оны видеоға түсіріп, krisp.tdk Instagram-парақшасына салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторының сөзінше, жалаңаш жүрген ер адам айналасындағы адамдардың есін шығарған.

"Әйелдер балаларымен шошып, бағдаршамда қызыл жанып тұрса да жүгіріп кетті. Қандай да бір шара қолданып, мұндай адамдарды бақылауға алу керек", - дейді парақша оқырманы.

Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

"Талдықорған қаласының полицейлері қалада жалаңаш жүрген ер адамды анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде жүрген. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, ер адамның психикалық жай-күйі тексеріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети