12 қараша 2018 16:03

Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады: Компания өкілдері төтенше жағдай туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадрлар Видеодан алынған кадрлар

"Эйр Астана" компаниясының өкілдері ұшақтарының Португалияда апатқа ұшырай жаздауының алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Эйр Астана" компаниясының өкілдері ұшақтарының Португалияда апатқа ұшырай жаздауының алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, оқиғаға алдын ала жүргізілген жоспарлы жұмыстардың нәтижесі себеп болуы мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр.

"Әрине қазір айта салуға болмайды..., бірақ, қолда бар деректер негізінде қазіргі таңда белгілі бір тұжырым жасауға болады. Кемені басқарудағы қиындықтар, бұлар жүргізілген жоспарлы жұмыстардың тікелей нәтиже екені анық", - деді Питер Фостер.

Әуекомпаниясындағылардың айтуынша, ұшақ одан әрі пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Португалияда Air Astana ұшағының апатқа ұшырай жаздағаны хабарланған болатын. 2018 жылы 11 қарашада Embraer 190 ұшағы ұшып бара жатқан кезінде техникалық ақау туды деген дабыл қағылған. Экипаж Бежа қаласындағы (Португалия) қосымша аэродромға қонуды шешті. Барлығы сәтті өтті. Онда тек экипаж мүшелері болған.

Кейін Air Astana әуекомпаниясы ұшағының Португалия астанасынан 180 шақырым жерде орналасқан Бежа әуежайына қонуға тырысқан сәтінің видеосы жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети