11 қыркүйек 2014 11:52

Challenger-200 апатын тергеу нәтижелері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматы түбінде Challenger-200 ұшағының апатқа ұшырауын тергеудің нәтижелері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап.


Алматы түбінде Challenger-200 ұшағының апатқа ұшырауын тергеудің нәтижелері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап.

"Келесі аптада біз комиссия Мәскеуде отырыс өткізеді деп жоспарлап отырмыз. Біз тергеу нәтижелерін шамамен білеміз, шамамен емес, 90-95%-ға. Нәтижелерді ағылшын тіліне аударып жатырмыз, оны Канадаға, Америкаға, комиссия мүшелеріне береміз. Бұған регламент бойынша тағы 60 күн қажет болады, бірақ біз күздің соңына дейін - қыркүйек-қазан айларында жария ететін боламыз. Қазір оны айта алмаймын, өйткені ол - жасырын ақпарат, бірақ тергеу нәтижелері белгілі", - деді Қасымбек Tengrinews.kz тілшісінің ұшақ апаты себептері туралы сұрағына жауап берген кезде.

Алматы түбіндегі әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтарында болған еді. SCAT әуе компаниясының Көкшетаудан Алматыға рейс орындаған Challenger-200 ұшағы Алматы әуежайына жақындаған кезде Қызылту елді мекенінде құлап түсті. Экипаждың бес мүшесі мен 16 жолаушы қайтыс болды.

Көлік және коммуникация министрлігі 2014 жылдың қаңтар айында тергеудің алдын ала нәтижелерін жариялаған еді. "Комиссия әуе кемесінің жер бетімен түйіскенге дейін оның двигателі мен барлық агрегаттарының толықтай жұмыс жасауға қабілетті болғанын анықтады, әуе кемесінің бортында Көкшетау – Алматы маршруты бойынша ұшу тапсырмасын орындауға және қосалқы аэродромға кетуге авиациялық жанар-жағармайы жеткілікті болған. Сонымен бірге, апатқа кеменің сыртының мұздануы мен басқа да сыртқы факторлардың себеп болмағаны расталды", - делінген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети