15 ақпан 2016 | 12:45

EXPO-2017 нысандарының құрылысын аяқтау үшін бюджеттен 85 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

EXPO-2017 нысандарының құрылысын аяқтау үшін бюджеттен 85 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысы барысында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

EXPO-2017 нысандарының құрылысын аяқтау үшін бюджеттен 85 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысы барысында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Тағы бір міндет - EXPO-2017 және Универсиада-2017 нысандарының құрылысын тезірек аяқтап, "Нұрлы Жол" Мемлекеттік бағдарламасының инфрақұрылымын жүзеге асыру. Осы жобаларды өз уақытында жүзеге асыру үшін 194,5 миллард теңге бөлу жоспарланып отыр", - деді Досаев.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, EXPO-2017 нысандарын өз уақытында тапсыру үшін 85 миллиард теңге, оның ішінде: IT инфрақұрылымына және басқа да шараларға 60 миллиард теңге, көрме аумағында орналасатын сауда орталықтарын және тұрғын үй құрылысын аяқтауға 15 миллиард теңге, сонымен қатар, Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы құрылысын аяқтауға 10 миллиард теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, Алматыда Универсиада-2017 шарасын өткізуге 33,6 миллиард теңге, оның ішінде: 3 мың және 12 мың адамға арналған екі Мұз айдынын аяқтауға 10,9 миллиард теңге, 4,8 миллиард теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруге, 17,9 миллиард теңге Универсиада-2017 жобасын өткізуге жұмсалады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети