18 наурыз 2016 13:18

EXPO ісі бойынша айыпталғандарды атышулы істерге қатысқан адвокаттар қорғайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

EXPO ісі бойынша айыпталғандарды атышулы істерге қатысқан адвокаттар қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасына қатысты сот басталды.


EXPO ісі бойынша айыпталғандарды атышулы істерге қатысқан адвокаттар қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасына қатысты сот басталды.

Айта кетейік, сот алдына 23 адам келді: Талғат Ермегияев, Аян Адамбаев, Нұрлан Ақпанбетов, Ренат Ақылбаев, Сұламбек Баркинхоев, Мадина Даулетбаева, Орал Ибадильдина, Сергей Ильин, Шохан Матайбеков, Қуаныш Медеуов, Серік Назербеков, Мұрат Омаров, Әлішер Перметов, Вячеслав Кегай, Талғат Сағындықов, Самат Сардарбеков, Сейіт Сейітов, Валерий Син, Алпысбек Телехметов, Ерлан Тілеуов, Азамат Ұматаев, Қажымұрат Үсенов, Марс Шорманов.  

Бұл айыпталушылардың кейбірін бұған дейін Астанада өткен атышулы істерге қатысқан адвокаттар қорғап жатыр.

Адвокат Мұхамедқали Шайхин бұған дейін Қайрат Жамалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанда елордалық кәсіпкерді қорғаған.

Адвокат Ақылбек Дүйсебеков. Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі болған Жақсылық Досқалиевтің ісіне қатысты айыпталушыларды қорғаған.

Күлжан Ержанова (сол жақта) ҚР денсаулық сақтау министрі болған Досқалиевтің ісіне қатысты айыпталушыларды қорғаған. Ботагөз Баймагамбетова (оң жақта) Статагенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның қорғаушысы болған.

Айта кетейік, бүгін Талғат Ермегияев сотқа арнайы бөлімшелердің қызметкерлерінің жетекшілігімен келді. Атышулы іс бойынша сот тыңдауы үлкен залда өтіп жатыр. БАҚ өкілдері сот отырысын монитор арқылы өзге мекемеде бақылап отыр. Істі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов қарайды. 

Еске сала кетейік, 12 маусымда "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамауына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген. Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынды. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.

2015 жылдың 18 маусымында Астананың №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтің мүлкіне, нақтырақ айтсақ, "Са-Бек" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "ТКМ" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "Глобус Алматы" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз); "ХОЗУ-Транс" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 100 пайыз); "Рахат-АВТО" (іскерлік қатысу үлесі - 18 пайыз); "Глобус Астана" ЖШС-на (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз) тыйым салды.

Ермегиеявпен қатар "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев пен "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы жетекшісі Қажымұрат Үсенов те айыпталып отыр. Жалпы осы іс бойынша 24 адам күдікке ілініп отыр. "Астана ЭКСПО" компаниясынан 10 миллиард теңге жымқырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети