26 желтоқсан 2017 18:17

Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/bayzakova © instagram.com/bayzakova

Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін ол Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шақыртылған. 


Instagram жұлдызы Айжан Байзақова қамауға алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін ол Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шақыртылған. 

Алматы ішкі істер департаментінің өкілдері полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқанын хабарлады. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. 

"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деді Алматы ІІД өкілдері. 

Қыз бала өз ісіне өкініш білдірген. Ол сот залында қамауға алынды. Әкімшілік қамау бойынша блогер жазасын Лобачевский көшесінде орналасқан арнайы қабылдау мекемесінде өтейтін болады. 

Еске салайық, Алматының түнгі клубтарының бірінде ақша үшін қыз шешіндіргендердің оқиғасынан кейін бір топ жігіт видеоүндеу жариялаған еді

Жігіттердің үндеуін Instagram желісіне "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаев жариялады. 

"Ассалаумағалейкум, ел үмітін ақтаған, халықтың қамын ойлаған қазақтың нар қасқа азаматтары мен азаматшалары. Біз жалпы қазақ елі ұлдарымызды ұлықты, қыздарымызды қылықты қылып тәрбиелейміз. Қазақ қызды қырық үйден тыяды дейді. Кеше ғана болған жайт масқара. Біздің қаракөз қыздарымыз ақшаға шешініп жатыр тыр жалаңаш. Тыр жалаңаш бес мың теңгеге шешініп жатыр. Өзіміздің ұлттық киім - сәукелемен стриптиз билеп жатыр. Бұл не масқара, бұл не сұмдық. Қазақ елі, Алаш елі, жүрегі ер, намысы бар жігіттерге біз видео жолдап отырмыз. Мына дін жолында, өнер саласында, спорт саласында жүрген бір топ азамат пен азаматшалар, бізді қолдауларыңызды сұраймыз. Себебі болмауына кім кепіл? Ояныңдар, қазақтың намысшыл жігіттері!", - дейді жігіттер видеода.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети