09 қазан 2015 10:24

KazSport тікелей эфирде жұмыстан қуылған комментатордың оқиғасына түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арна басшысы Павел Цыбулин. © thenews.kz Арна басшысы Павел Цыбулин. © thenews.kz

Қазақстандық комментатор Александр Олейник KazSport телеарнасындағы қызметінде қалатын болды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне арна басшысы Павел Цыбулин хабарлады. 


Қазақстандық комментатор Александр Олейник KazSport телеарнасындағы қызметінде қалатын болды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне арна басшысы Павел Цыбулин хабарлады. 

Оның айтуынша, комментаторды жұмыстан шығарған телеарна емес, Sport Media Enterprise Kazakhstan компаниясы екен, ол хоккей матчтарының трансляциясын тапсырушы кәсіпорын. "Оны кім шығарды?! KazSport оны жұмыстан шығарған жоқ. Айта кетейін, ол (Олейник - Авт.) біздің комментаторымыз болып қала береді, бірақ өзге мачтар бойынша, біздің оған көңіліміз толады және біз оған гонорар төлейміз. Бірақ хоккейге қатысты жағдай мүлдем өзгеше. Sport Media Enterprise Kazakhstan деген компания бар, ол дайын өнімді тапсырады (...) Яғни, оның олармен келісімшарты бар, не үшін жұмыстан қуылғанын солардан сұрау керек", - деп түсіндірді Цыбулин. 

Өз кезегінде Sport Media Enterprise Kazakhstan басшысы Илья Пустогачев бұл жағдайға қатысты пікірін кейінірек беруді уәде етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық комментатордың тікелей эфирде жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын. Шайба.kz басылымының мәліметінше, шешім оның "Барысқа" жанкүйер еместігіне негізделген. Айта кету керек, заңнамада мұндай тұжырымдама жоқ, алайда Олейниктің жұмыстан шығарылуының ресми себебі әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети