13 тамыз 2015 | 18:06

Qazaq Air әуе компаниясының билеттері қанша тұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Qazaq Air әуе компаниясы рейстеріндегі билеттердің бағасы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Qazaq Air әуе компаниясы рейстеріндегі билеттердің бағасы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы - Астана бағытындағы алғашқы рейс 2015 жылдың 27 тамызында ұшырылады. Ұшақтар келесі бағыттар бойынша ұшады: Алматы - Астана - күнделікті, билет құны бір бағытқа 10495 теңге; Алматы - Павлодар - аптасына 3 рейс (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма), билет құны бір бағытқа 10916 теңге; Алматы - Шымкент - аптасына 4 рейс (дүйсенбі, сейсенбі, сенбі, жексенбі, билет құны бір бағытқа 10495 теңге; Шымкент - Павлодар - аптасына 2 рейс (сейсенбі, жексенбі), билет құны бір бағытқа 14857 теңге; Шымкент - Қызылорда - аптасына 2 рейс (дүйсенбі, сенбі, билет құны бір бағытқа 8556 теңге.

2015 жылдың 14 тамызынан бастап Qazaq Air әуе компаниясы www.flyqazaq.com сайты, кеңселері мен әуе агенттіктері арқылы билеттерді сата бастайды. 

Қазір әуе компаниясының флотында Bombardier Q400 NextGen турбиналы-винтті екі ұшағы бар, үшіншісі тамыздың соңына дейін келеді деп күтіліп отыр.

Компания келесі рейстер бойынша бағыттар санын көбейтуді жоспарлады: Алматы - Қостанай; Шымкент - Ақтөбе; Ақтөбе - Қостанай; Ақтөбе - Атырау.

Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Дегенмен алғашқы рейс рұқсат етілгені туралы құжаттардың болмауынан кейінге қалдырылды. 6 тамызда компания әуе тасымалына рұқсат ететін сертификатты алды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети