19 қыркүйек 2014 19:50

Taiburyl қоры ұйымдастырған "Ай сайынғы стипендияға" 1000-ға жуық студент өтініш білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Taiburyl қоры білім беруді қолдаудың кешенді шарасын ұсынады Taiburyl қоры білім беруді қолдаудың кешенді шарасын ұсынады

1000-ға жуық студент Taiburyl қоры ұйымдастырған "Ай сайынғы стипендия" бағдарламасына қатысуға өтініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


1000-ға жуық студент Taiburyl қоры ұйымдастырған "Ай сайынғы стипендия" бағдарламасына қатысуға өтініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Бағдарламаға қатысуға жалпы саны 968 үміткер өтініш білдірсе, олардың ішінен екінші турға қатысатын 461-і іріктелініп алынды. Ал финалда арнайы комиссия үміткерлердің ішінен 157 студентті ғана іріктеп алады. Комиссияның стиденияны бөлу жөніндегі шешімі қыркүйектің 22-і күні қордың сайтында жарияланады. Еске саламыз, бұл байқауда жеңіске жеткен студенттердің 2014 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың қаңтарына дейін бес ай бойы 30 мың теңге көлемінде стипендия алып тұруға мүмкіндіктері бар.

Taiburyl қоры тағайындаған "Ай сайынғы стипендия" бағдарламасы комиссияның құрамына комиссия төрағасы болып бұрынғы білім вице-министрі, "Өрлеу ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, "АлашМедиаГрупп" медиахолдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев, "Ақтөбе кен материалдарына жатпайтын комбинат" ЖШС-ның бас директоры Әлім Есетов, Астанадағы Kaspi Bank филиалының директоры Меруерт Цхай,  Black & White Group медиакомпаниясының басқарушы серіктесі Думан Қожахметов кіріп отыр.

Өтініштер 2014 жылы қыркүйектің 1-і мен 17-і аралығында қабылданды. Үміткерлер өз өтініштерін онлайынға жіберген. Стипендия алғысы келгендер жалпы бағдарлама ережесіне толықтай сәйкес келуі талап етілген. Атап өткен жөн, дарынды студенттерді қолдауға арналған бұл бағдарлама өзге гранттар мен стипендиялардан ерекше. Мәселен, "Болашақ" бағдарламасына ие болғандар секілді алған ақшаларын қайтарып беру міндетті емес.

Стипендияны тағайындаушылар Taiburyl білім беру саласын кешенді түрде қолдауды ұсынатынын айтты. Мәселен, түрлі деңгейде байқаулар мен викториналар ұйымдастырылады. Олар сондай-ақ,  Taiburyl-ды ірі қайырымдылық қорына айналдыру жоспарда барын мәлімдеді.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети