21 қазан 2014 14:15

Tengrinews.kz БАҚ-тар арасындағы "Өрлеу ақпараты" байқауының лауреаты атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Tengrinews.kz ақпараттық сайты БАҚ-тар арасында өткен "Өрлеу ақпараты" байқауының лауреаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бүгін байқауды қорытындылады, бұл байқауға Қазақстандағы инновация тақырыбы туралы хабар таратқан журналистер қатысты.  


Tengrinews.kz ақпараттық сайты БАҚ-тар арасында өткен "Өрлеу ақпараты" байқауының лауреаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бүгін байқауды қорытындылады, бұл байқауға Қазақстандағы инновация тақырыбы туралы хабар таратқан журналистер қатысты.  

Байқау қорытындысы бойынша, Tengrinews.kz "Орыс тіліндегі үздік ақпараттық-сараптамалық материал" аталымында жеңіске жетті. "Инновациялар бойынша агенттікте стартаптарды қаржыландырудың схемасын түсіндіріп берді" ("Схему финансирования стартапов объяснили в агентстве по инновациям") жаңалығы үздік болды. "Инновация тақырыбы саласында хабар таратқан үздік БАҚ" аталымының бас жүлдесін "Егемен Қазақстан" газеті алды. Сонымен бірге, телеарна, радиостанция журналистері және блогерлер сыйлық алды.

2014 жылы "Өрлеу ақпараты" байқауының аталымы тоғыздан 21-ге дейін көбейді. Мұнымен қатар, арнайы аталымдар бекітілді: "Үздік сұхбат", "Үздік очерк", "Тақырыпқа берілгендігі үшін" (инновациялық тақырыптың үздік шолушысы) және "Инновация тақырыбы саласында хабар таратқан үздік БАҚ" аталымында бір миллион теңге көлемінде бас жүлде. Сарапшы комиссияға талқылауға республикалық және өңірлік БАҚ-тардан 200-ге жуық материал келіп түсті. 2013 жылдың 1 қазанынан 2014 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданды. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы қазылар алқасының төрағасы болды, алқа құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің "Телерадиокешен" АҚ басшысы Ерлан Бекқожин болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети