23 маусым 2014 19:31

Абай мен Михаэлис ескерткіші көптің наразылығын туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Facebook.com ©Facebook.com

23 маусым күні Өскеменде Абай мен Евгений Михаэлиске арналған ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


23 маусым күні Өскеменде Абай мен Евгений Михаэлиске арналған ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ескерткіш туралы әлеуметтік желілерде қызу талқылана бастады. Қазнет қолданушыларының айтуынша, Абай Құнанбайұлы мен Евгений Михаэлис бүгінде танымал болған "селфи" жасап жатқан сияқты, сондай-ақ көпшілік мүсіндердің ергежейлі екенін айтып жатыр. Қолданушылар арасында "бұл мәдени мұра мен тарихқа жасалған қиянат" деген пікірлер де айтылуда.

Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі орнатылған ескерткіште ауытқулар анықталғанын хабарлады. "23 маусымға қараған түні Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысында осы екі тұлғаға арналған ескерткіш қойылды. Бірақ бұл нысан қалалық биліктің меншігіне әлі алынған жоқ. Абай-Михаэлис ескерткішінде келісілген нұсқадан ауытқушылық анықталды. Ескерткішті соғушылар қысқа мерзім ішінде сәйкессіздіктерді жояды", - деп түсіндірді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Владимир Головатюк. 

Қала әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, ескерткіштің биіктігі - 3,7 метр. Оны тасымалдаған кезде трамвай қозғалысына кедергі келтірмеу үшін ескерткіш түнде әкелініп орнатылған. "Фибробетон технологиясы бойынша мүсін жасауға 10, көп дегенде 30 күн кетеді. Егер ескерткіш граниттен соғылар болса, мүсіншілер оған төрт ай уақыт жұмсар еді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети