13 наурыз 2017 13:59

Әбдірахманов бұрынғы қазақ-түрік лицейлері туралы: Араласуға жол бермейміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан елдегі білім беру мекемелерінің қызметіне ешкімнің араласуына жол бермейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бұрынғы қазақ-түрік лицейлеріне қатысты пікір білдіру барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан елдегі білім беру мекемелерінің қызметіне ешкімнің араласуына жол бермейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бұрынғы қазақ-түрік лицейлеріне қатысты пікір білдіру барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақ-түрік лицейлері ребрендингтен өткенін растаймын, олардың атауы өзгерді ("Білім-инновация лицейі" - автор.). Лицейлер Қазақстанда бекітілген мектептік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді және оларға тиісті жергілікті атқарушы билік органдары басшылық етеді. Біз Қазақстандағы білім беру мекемелерінің қызметіне біреудің араласуына жол бермейміз", - деді Қайрат Әбдірахманов.

Мұның алдында ҚР-дағы Түркия елшісі Невзат Уянык Қазақстанда Түркия үкіметі ресми қолдайтын оқу орны тек Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті екенін мәлімдеген болатын. "ҚР аумағында жұмыс істеп жатқан және "қазақ-түрік мектептері" атауын қолданып жүрген қалған оқу орындары біздің елдің мемлекеттік органдарына еш қатысы жоқ", - деп мәлімдеген еді ол.

Алайда Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі лицейлерді жабудан бас тартып, оқу орындарының Түркияға қатысы жоғын, ал білім беру саясатын қазақстандық және халықаралық стандарттар негізінде құрып отырғанын айтып өткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети