13 мамыр 2015 13:19

"Адем" сауда орталығын жалға алушылар өрттің басталуы жазылған видео жасырылды деп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалға алушылар шұғыл түрде баспасөз мәслихатын өткізді. © Роза Есенқұлова Жалға алушылар шұғыл түрде баспасөз мәслихатын өткізді. © Роза Есенқұлова

Өртке оранған "Адем" сауда орталығының жалға алушылары өрттің басталуы түсірілген видеоны тергеу жасырып отыр деп мәлімдеді, олардың айтуынша, сол видео арқылы кінәлі тұлғаларды анықтауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатына сілтеме жасап.


Өртке оранған "Адем" сауда орталығының жалға алушылары өрттің басталуы түсірілген видеоны тергеу жасырып отыр деп мәлімдеді, олардың айтуынша, сол видео арқылы кінәлі тұлғаларды анықтауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, үш апта өтсе де өрттің шығу себебі анықталмаған. Олар оқиғаның тергелуі әділетсіз бола ма деп қауіптенеді. Өрттен зардап шеккендердің қорғаушысы, заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, қазір сотқа арызданудан пайда жоқ, себебі кінәлі адамдар анықталмаған. Оның сөзіне қарағанда, егер тергеу өрттің басталған шағы түсірілген видеоны жасырмағанда, бірінші өртсөндіруші көліктің қай кезде келгенін және сол кезде күзеттің нендей әрекет жасағанын білуге болады.

"Үш апта өтті, бірақ тергеу тым-тырыс. Өтемақыны қай жерден алу керек, түсініксіз. Бастапқыда әкімшілік шығын төленеді деп уәде берді, алайда ешкім шығынды төлейін деп отырған жоқ екен. Қазір барлығы тергеуге байланысты. Біз бұл жұмысты ретке келтіру үшін барлық инстанцияға өтініш жазып жатырмыз. Адамдарға тіпті ненің жанып, ненің аман қалғанын көрсетпейді. Сондықтан материалдық шығын да анықталған жоқ, тіпті бір адамның шығынын есептеудің өзі қиын, - дейді Сергей Уткин. - Қуынымға барудан пайда жоқ, азаматтық тәртіппен бас тартылады. Егер өртке "Адем" СҮ-нің бір қызметкері болса да кінәлі деп танылса, әкімшілік шығынның орнын толтыруға міндетті, себебі заңнамаға сәйкес жұмыс беруші өз қызметкері үшін жауап береді. Ал егер лауазымды тұлға кінәлі болса, шығынды мемлекеттік қазынадан төлеуге тура келеді. Деректер бұрмаланып, басқа біреуді кінәлі қылу мүмкін, одан кейін одан ештеңе ала алмайсың... Бұл ең қорқынышты қауіп, кәсіпкерлер осыған алаңдап отыр", - деді ол.

Жалға алушылардың бірі Юлия Кишмерешкинаның айтуынша, өртенген орталықтың екінші бөлігіндегі сауда орындары жеребе салу арқылы беріліп жатыр. "Алты шаршы метр бір орынға сегіз адамнан келеді, қалғандары қайтеді? Біз "Адем" СҮ әкімшілігіне осы мәселе бойынша бардық, бізді қабылдамады, "өздерің шешіңдер" деді. Осындай көзқарас. Бізде барлығы несиеге алынған, қарыз шаш етектен. Өтемақы алу үшін дәлелдеу керек, ал бізді бутиктерге де жібермейді", - деп шағымданды ол. Жалға алушылардың тағы бірі Сабина Әбдірасулованың айтуынша, "Адем" СҮ әкімшілігі Алматыда жақында ашылған дельфинарийдің орнына уақытша сауда орнын салып беруді уәде етіпті. Тауарды сақтандыруға қатысты қойылған сұраққа жалға алушылар Қазақстандағы сақтандыру жүйесінің мұндай жағдайда әлсіз жұмыс істейтінін айтты. Олардың айтуынша, өрт кезінде жанып кеткен тауардың шығынын сақтандыру компаниялары өтеп береді дегенге ешқандай кепілдік жоқ.

Сонымен қатар, Сергей Уткин "Алматы XXI ғасыр" ЖШС-ның "Адем" СҮ-нің меншік иесі екенін айтты. Сондай-ақ, сауда үйінің толықтай АТФ Банкінде кепілде тұрғаны белгілі болды, орталық несие қаржысына алынған екен.

Өз кезегінде жалға алушылардың шағымына қатысты қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек түсінік берді. "Бүгінгі таңда іс қаралып жатыр, ІІД тиімді тергеу амалдарын жүргізу үшін барлық шараны қолға алады. Жалға алушы 1600 адамның 600-і ғана полицияға арызданды, өрттің себептері анықталып жатыр. Бір дерек тонаушылық анықталды. Ал видеожазбаға қатысты айтатын болсақ, белгілі бір процессуалдық тәртіптер бар, оларды сақтау керек, егжей-тегжейін зерттеп, сараптама мен тергеу жүргізу қажет. Бұл азаматтардың жан айқайы түсінікті, олар қып-қызыл шығынға батты, дегенмен біз кінәлілерді анықтап, толықтай тергеу жүргізуді мақсат етіп отырмыз. Жалға алушылардың тергеуді әділетсіз деуін құрғақ мәлімдеме деп есептейміз", - деді Әзірбек. Оның айтуынша, құрамында 20 полиция бар арнайы топ құрылды, олар тергеу амалдарын жүргізетін болады. Тергеу шамамен 2 айға созылады.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Кейін "Адем" СО басшылығы жалға алушылардың шығынын толықтай төлеуге сөз берді. Сонымен қатар, әкімшіліктегілер оларға басқа жерден сауда орындарының берілетінін айтты. Айта кетейік, тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі - Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу және 204-бап - Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру. "Адем" сауда орталығындағы өрт дерегіне қатысты қалалық ІІД тиісті сараптамаларды тағайындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети