27 сәуір 2015 12:35

"Адем" сауда орталығында автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесінің істен шыққаны расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Дмитрий Хегай © Дмитрий Хегай

"Адем" сауда орталығында өрт қауіпсіздік ережесін бұзу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, 26 сәуірде кешкі уақытта өрт шыққан болатын. Өрт туралы хабарлама 22.24-те түсті.

"Алматы ТЖД пултіне өрт туралы хабар 22.24-те келіп түсті. Оқиға орнына бірінші бөлімшелер 6 минуттан кейін жетті. Оқиға орнына келген олар өрт туралы хабардың кеш келгенін түсінген - "Адем" сауда үйінің ғимаратында өте жоғары температура болды (270 градус) және зиян әрі улы газ шықты", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, ТЖД өкілдерінің айтуынша, өртті сөндіруге сауда үйіндегі бутиктердің тез жанатын және уытты материалдан жасалғаны кедергі болған. Ғимарат іші қайта құрылымдалған, ғимаратта көптеген тауар мен манекен болды, олар өрт кезінде улы газ шығарды.

"Мұнымен қатар, өрт 27 сәуірде 06.35-те локализацияланды. Ғимарат іші қайта құрылымдалған, ғимаратта көптеген тауар мен манекен болды, олар өрт кезінде улы газ шығарды. "Адем" сауда үйінде газ баллондары сақталған, олар өрт шалған кезде жарыла бастады", - деді ТЖД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети