11 маусым 2015 11:15

"Адем" сауда орталығындағы өрт: "Ақ жол" партиясы кәсіпкерлерді қолдау туралы үндеу тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрттен кейінгі "Адем". © Дмитрий Хегай Өрттен кейінгі "Адем". © Дмитрий Хегай

"Ақ жол" партиясы Алматыдағы "Адем" сауда орталығында болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету туралы үндеу тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Ақ жол" партиясы Алматыдағы "Адем" сауда орталығында болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету туралы үндеу тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сауда орталығының әкімшілігі қолға алып отырған, кәсіпкерлерге басқа корпустардан сауда орындарын беру шаралары мәселені шешпейді. Сатушыларды жұмыспен қамту және шығынды өтеу мәселесі шешілмеген күйі қалып отыр. Бұл несие бойынша кезекті төлемдер мен ипотекалық қарыздарды төлемеуге алып келеді. Сауда экономиканың секторы болып табылады, ол бүкіл ел аумағы бойынша тұтынушыларға тауарды жеткізумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол - жүздеген жұмыс орны. Зардап шеккендер - салық төлеушілер, сондықтан олар мемлекеттің қолдауына арқа сүйеуге құқылы", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Кейін "Адем" СО басшылығы жалға алушылардың шығынын толықтай төлеуге сөз берді. Сонымен қатар, әкімшіліктегілер оларға басқа жерден сауда орындарының берілетінін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети