29 маусым 2015 15:00

"Адем" сауда орталығындағы өртенген аумақтың шынайы көлемі жасырылған - құқыққорғаушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрттен кейінгі "Адем". © Дмитрий Хегай Өрттен кейінгі "Адем". © Дмитрий Хегай

Құқыққорғаушы Василий Резван "Адем" сауда ортылығының шын мәнінде қанша аумағы өртенгенін айтып, жайып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Құқыққорғаушы Василий Резван "Адем" сауда ортылығының шын мәнінде қанша аумағы өртенгенін айтып, жайып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

АТФ банк пен "Алматы ХХІ ғасыр" ЖШС арасындағы сату-сатып алу келісімшарты бойынша, ғимараттың аумағы 59 мың шаршы метрге тең. Мәміле құны - 8 миллиард теңге.

Алайда қалған құжаттардың барлығында, оның арасында қаулыда, сот сараптамасының қорытындысында да аумақ екі есе кем көрсетілген. Резван мұны қарапайым қателік емес, күдікті дерек деп есептейді. "Алматы ІІД өрттерді тергеу бөлімі басшысының қаулысында "Адем-1" сауда орталығының өртенген аумағы 25 мың шаршы метр деп көрсетілген (...), бәлкім ол қателескен шығар. Бірақ сот сарапшылары қателеспейді ғой, алайда олар да өз қорытындыларында солай деп көрсеткен. Бұл не? Сондықтан біз тергеу тобының мүшесіне қатысты өз сенімсіздігімізді білдіріп, наразылығымызды қалалық ІІД өрттерді тергеу бөлімінің басшысы Ержановқа жолдаймыз. Біз өз арызымызды Бас прокурорға жібереміз және реттеуді сұраймыз", - деді Резван. 

Сонымен қатар, ол Қазақстан Президенті әкімшілігінің сатушылардың хатына жауап бергенін мәлімдеді. Резванның айтуынша, жауап оларды толық қанағаттандырды: онда бұл мәселенің Бас прокуратураға бағытталғаны және олардың бұл істі бақылауға алып, бірқатар тексеру жүргізуді Алматы прокурорына тапсырғаны айтылған.

"Мұқият тексеру қажет, заң талаптарын бұзу себептері анықталған жағдайда көп созбастан оларды жою және кінәлілерді жауапқа тарту шараларын қолға алу керек. Тергеу барысын ерекше бақылауға алып, прокурорлық бақылау шараларымен барлық жағдайды толық, жан-жақты, тергеуді тиімділікпен қамтамасыз ету қажет (...) Нәтижесі туралы Бас прокуратура құлағдар етілсін", - делінген Бас прокуратураның жауабында. 

Бұған дейін "Адем-2" және "Адем-3" сауда орталықтарының аптап ыстықтың салдарынан тағы да өртенуі мүмкін екені хабарланған болатын. Сатушылар ғимараттың екінші қабатындағы ауа температурасының 50 градус екенін айтып, орталық басшысының атына шағым түсірді. Ең басты себеп - сауда орталығы қапталған алюкобонд. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети