12 маусым 2015 16:47

Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі қызметінде қалатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Astana.gov.kz ©Astana.gov.kz

Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі қызметінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі қызметінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшысының қызметін Әділбек Жақсыбеков елорда әкімі қызметімен қатар атқарады", - деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы Сәуле Смағұлова.

2015 жылдың 10 маусымында Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Әділбек Жақсыбековті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ұжымымен таныстырды. 

Оған дейін Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ол компанияны 2013 жылдың қаңтарынан бері басқарды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети