07 маусым 2017 10:59

Әділет министрлігі Мақсат Үсеновке неліктен шетелге ұшуға рұқсат берілгенін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Әділет министрлігіндегілер Мақсат Үсеновтің қарызы бола тұра елден кетуге тыйым салынған азаматтардың тізімінде неліктен жоқ болғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Әділет министрлігіндегілер Мақсат Үсеновтің қарызы бола тұра елден кетуге тыйым салынған азаматтардың тізімінде неліктен жоқ болғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оны елден кетуге тыйым салынған заматтардың тізіміне қосу үшін оның үстінен сотқа арыз түсуі керек. Сот шешімінің негізінде сот орындаушылары атқару өндірісін қозғайды. Сот орындаушыларында сот шешімі болмағандықтан, Үсенов елден шығуға уақытша тыйым салынған азаматтардың тізіміне қосылмады", - деді Әділет министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 4 маусымда Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкеткен болатын. Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды. Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазған болатын.

Ал кейінірек Мақсат Үсеновтің ұшақ бортында қандай заң бұзғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети